Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті ер адам ұсталды

Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының дерегі бойынша, 40-жастағы Т. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары 2015 жылы қозғалған болатын. Белгілі болғандай, бір фирманың директоры болып табылатын ер адам жанар-жағармай стансасының жалған құжаттарын кепіл ретінде тастап, 50 миллион теңге көлемінде несие алған.

«2015 жылдың қазан айында аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған болатын. Азамат Т.-ға қатысты сырттай «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалып, күдіктіге қатысты мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын. Универсиада-2017 қарсаңында өткізіліп жатқан жедел алдын-алу іс-шарасы аясында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері іздеудегі азаматты Алматыда қолға түсірді. Ол ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы негізінде уақытша ұстау изоляторына тоғытылды»,- деп хабарлады Алматы қаласының ІІД ресми өкілі полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы бері Алматыда 21 қылмыскер табылып, қолға түсті. Сонымен қатар, мегаполис полицейлері Шығыс Қазақстандағы, Астана мен Павлодардағы әріптестеріне алаяқтық жасағаны, адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қашқындарды табуға көмектесті.

Тағы да еске сала кетейік, аталмыш шара құқықбұзушылықтың алдын-алу және қылмыс жасауға бейім адамдарды анықтауға бағытталған.

«Шет елдерден көптеген спортшылар мен қонақтар қатысатын ірі халықаралық деңгейдегі спорттық оқиға – Универсиада-2017 қарсаңында қауіпсіздікті сақтау мәселесі басымдыққа ие болады. Соған байланысты Алматы қаласы мен мегаполиспен шектесетін Алматы облысының бірнеше аудандарында негізінен жаттығу сипатындағы ауқымды жедел алдын-алу шараларын өткізу жоспарлануда. Оған құқыққорғау органдарының ауқымды күштері қатысады. Тұрғылықты жерге байланысты ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұратын адамдар тексерістен өткізіледі. Оданда басқа аңшылық қаруы бар адамдар да қаруын сақтау мен қайта тіркеу ережесінің сәйкестігіне байланысты жоспарлы тексерілетін болады»,- деп ескертті подполковник Салтанат Әзірбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз