Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда өгей ұлын өлтірген әйелді күйеуі кешіргені өтірік болып шықты

Бұл – Өркен Азаматұлының соңғы түскен суреті. Қайғы жұтқан апасы оны көріп, егіліп отыр. Өзі мәпелеп бағып-қағып отырған немересінен айырылған Бағдагүл Есімбекова енді келініне ату жазасын сұрамақ, – деп хабарлады КТК телеарнасы.

Оның айтуынша, Өркенді өгей шешесі жұртпен бірге іздеген болып үш күн бойы үндемей жүрген. Артынан күдікке ілініп, сұрауға алынғанда көмулі жерді көрсеткен. Соған қарамасатан баланы өлтірді деген күдікпен қамалған әйел де, оның сыбайластары да кінәсін мойындап отырған жоқ.

Бағдагүл Есімбекова, Өркен Азаматұлының әжесі:

– Күйеуі кешірді деген өтірік. Ол жалған ақпарат! Халық не айтып жатыр мен білмеймін, қандай кешірім? Кешірім тұрмақ оны түрмеде шірісін деп Алладан тілеймін! Алла жазасын берсін! Ешқандай кешірім жоқ!

Өгей шешенің қолынан өлген Өркен 1 жас 4 айында-ақ отбасыға жарымаған екен. Сол кезде әке-шешесі ажырасып, баланы нағашылары қолына алған. Одан кейін анасы тұрмысқа шығатын боп, 8 жасында әкесіне әкеліп тастапты. Десе де, әкесінің басқа отбасы болуына байланысты бала әжесімен бірге тұрған. Ата-анасыз өскен Өркен өте алғыр болған екен. Математикадан түрлі жарыстарға қатысып, шахмат ойнаудан да алдына жан салмапты.

Бұрын хабаралағанымыздай, Өркенді күдіктілер мектебінің алдынан көлікке алдап отырығызып алып кеткен. Сөйтіп, қала іргесіндегі саяжайлардың біріне апарып азаптап өлтірді. Өгей ана тіпті жоғалған баланы жұртпен бірге іздеген боп 3 күн бойы жүріпті. Тек ұрлады деген күдікпен сұрақтың астына алынғаннан кейін Өркеннің жатқан жерін көрсеткен. Тергеуге қатысқан туыстарының айтуынша, баланың өлімі үшін әйел еш өкінбепті.

Гүлмира Қасенова, Өркен Азаматұлының нағашысы:

– Шіміркпей, беті бүлк етпеді. Соншалықты тасжүрек екен.

Жантүршігерлік қылмыс өткен аптада болған еді. Күйеуі тастап кеткен алматылық келіншек өшін ұлдан алған. Өркенді өлтірді деген күдікпен оның қос бірдей өгей бауыры мен тағы екі адам да қамауда отыр. Ал, бейкүнә бала осы айдың 28-і күні шахматтан үлкен жарысқа қатысуы тиіс болған екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз