Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда екі бала қарбыздан уланып қалды

157

Оның айтуынша, 10 тамызда Алматыда департамент мамандары «Көк базар», «Тастақ», «Жаңа Ақбұлақ» және «Кенжехан» базарларындағы бақша өнімдерінен сынама алған. Кейбір өнімдерде нитраттың жоғары екендігі анықталған.

«Қазір бақша өнімдерін жинау науқаны жүріп жатыр. Сонымен қатар, сүт коктейльдері, балмұздақ өнімдері де жақсы сатылуда. Біз рейд жүргіздік. Тексеріс нәтижесінде сыналған қарбыздардың 19%-де, қауындардың 18,7%-інде нитрат көрсеткіші жоғары болған. Құйылмалы балмұздақ, квас 100 пайыз ластанған болып шықты», – деді Молдақасымова.

Сонымен қатар, СЭС мамандары кесілген қауын, қарбызды алмауға кеңес береді.

«Қауын-қарбыз алған кезде қай жерден сатып алатыныңызға мән беріңіз. Сатушыда сауда жасауға рұқсат етілген сертификат болуы шарт. Құйылмалы өнімдерді алған кезде, бір реттік ыдыстың болғанын талап етіңіз», – деді маман.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз