Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда біреумен аймаласып тұрған қызының үстінен түскен жігіт кек қайтарды (видео)

111

Атылған оқ зәбір көрушінің құлағына тиген екен.

Алматы ішкі істер департаменті анықтағандай, бұл фактіге қатысты қозғалған сотқа дейінгі тергеу ісінің жалғасып келе жатқанына бір ай болыпты.

– Қылмыс Әуезов ауданындағы Жетісу ықшам ауданында 2016 жылы 22-желтоқсанда түнде орын алған. Оған қатысты іс Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 293-баптың 3-тармағы, яғни “Қару кезену бұзақылығы” бойынша тіркелген», – деп мәлім етті Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Белгілі болғандай, қыз сол күні жігітімен кафеде демалыпты. Одан кейін арада дау-дамай туып, жігіті кетіп қалған. Бірақ ашуын басқан ол кафеге кері оралғанда қызды таппай қалады. Сұрастыра келе, қыз жалғыз қалғанда көрші үстелде отырған әлдекіммен шүйіркелесіп, сонымен кеткенін біледі. Мұны білген жігіт қыздың үйіне қарай тура тартады.

Ал үйдің алдына келгенде құшақтасып тұрған қос жанды көреді. Қаны басына шапқан жігіт еш ойланбастан тапаншасын алып, атқылай бастайды. Ақыры қызына көңілі түскен адамды өкшелей қуып жеткен ол түгін қалдырмай сабап тастайды.

Кейіннен белгілі болғандай, шабуыл жасаушының қолындағы тапанша еш жерде тіркелмеген болып шықты. Әбүйір болғанда, ол қаруды жеткілікті деңгейде игермеген екен. Оның атқан оқтарының бірі ғана зәбір көрушінің құлағын жанап өткен. Медициналық көмек көрсетілген соң ол үйіне босатылған.

– Криминальдық полиция басқармасы қызметкерлерінен іздеу тобы құрылды. Күдікті өзін іздеп жатқанын біле тұра, тығылып жүрді. Алайда 10 күннен кейін ол Алматыда ұсталды. Бастапқыда ол уақытша тергеу изольяторына қамалды, 3 тәуліктен соң сотқа жеткізілді, – дейді Салтанат Әзірбек.

Сотта прокурор оны дереу қамауға алуды сұрағанмен, сот оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатыпты. Қазір тергеу жалғастырылып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз