Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда бүлдіршінін 2 мың долларға сатқан келіншек құрықталды

Сөйтіп, келісімге келген екі әйел бүлдіршінді сатып алушыға табыстап, ақшаны алып жатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды.

Оларды тінту кезінде 670 мың теңге табылып, тәркіленген. Белгілі болғандай, олардың 200 мың теңгесі бүлдіршіннің туған анасына тиесілі болса, қалған 470 мың теңгені „пысықай„ делдал қалтасына баспақшы болыпты», – деп хабарлады Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері.

5Сондай-ақ жедел бөлімше қызметкерлерінің айтуынша, бұдан бір күн бұрын сұрқия ана бүлдіршінді басқа бір әйелге 50 мың теңгеге сатыпты. Ал одан кейін 2 мың доллар ұсынған неғұрлым тиімді ұсыныс түскен кезде азаматша А. қызын қайтып алып, жаңа саудаға дайындала бастаған.

«Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қамауға алынған екі әйел ҚР ҚК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл қылмыстың басқа мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», – дейді жедел уәкілдер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз