Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда аудан әкімінің бұрынғы орынбасары 3 жылға сотталды

Соттың үкімімен ауданның бұрынғы орынбасары айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды және жеке мүліктері тәркіленді. Өмір бойы мемлекеттік қызмет органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан шектеліп, жалпы режимді түзету колониясында айыбын өтейді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Әбдіқалықов пара алды деген күдік болды.

«2016 жылдың сәуірінен маусым айлары аралығында өзі және өзге тұлғалардың пайдасы үшін Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы 9 лот бойынша конкурстың өтуіне кедергі келтірмес үшін жеке тұлғалардан пара алған», – деп хабарлады қалалық сотта. 2016 жылы 3 маусымда Әбдіқалықов жедел-іздестіру шаралары кезінде ұсталды.

Пара түрінде алынған 1,3 млн теңге көлемінде қаражат табылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз