Алматыдағы Горький саябағында әйел адам айналмалы дөңгелектен құлап, көз жұмды. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады.
Видеоны жолдаған адамның ақпараты бойынша, оқиға шамамен 16:00-де болған. Әйел жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды.
24 маусымда Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас ана өз-өзіне қол салып, мерт болды. Алматы облысының полиция департаменті қайғылы оқиға туралы мәлімдеді. Алдымен әлеуметтік желіде биіктен секірмес бұрын жас келіншектің баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Осы мәліметті анықтау үшін Zakon.kz өңірдің ПД баспасөз қызметіне хабарласты.Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары қыз баланың денесін де тапқан.
«Кәмелетке толмағанның өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді полициядан.
Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы жас келіншектің қаза тапқанын растап, оның жедел жәрдем көлігі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырғанын нақтылаған.