Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
7
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Алматыда қарулы шабуыл кезінде жарақаттанған бес адамға ота жасалып жатыр

Дәл қазіргі сәтте ауруханаға кіреберіс есіктер қатаң бақылауға алынған. Мұздай қаруланған сақшылар адамдарды тек арнайы рұқсатпен ғана кірізеді. Ал, ауруханаға атыста зардап шеккендердің туған-туыстары келіп жатыр.

Келушілердің арасынан журналистер құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолованы да байқады.

Кейбір деректер бойынша, қазіргі сәтте ауруханада бір мезетте бес операция үстелінде ота жасалып жатыр. Аурухана басшылығы жиналған журналистерге ота жасалып болған соң ғана толыққанды түсініктеме беруге уәде берді.

Ал, бұл уақыт аралығында аурухана алдында бауырын жоғалтып, жылағандар болды. «Бауырымдап» жылағандардың көз жасы сай- сүйегіңді сырқыратады. Медбикелер оларды жұбатып, тиісті көмек көрсетіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз