Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыда ардагерлерге арналған жаңа госпиталь салынады

124

Басқосу барысында Алматы қаласы, Ладушкина көшесіндегі 120 «а» үйде орналасқан, апаттық күйдегі госпитальдың жоғарғы корпусының құрылысы мәселесі талқыланды.

Осы мәселе бойынша Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Интернационалист жауынгерлер» үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров сөз сөйлеп,

госпитальдың ескі корпусын бұзудың және жаңасын салудың маңыздылығы мен қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ осы мәселенің қаралу мерзімі туралы мәселені қозғады.

Денсаулық сақтау вице-министрі өз сөзінде қазіргі таңда денсаулық сақтау, ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің аталмыш мәселені шешуге, яғни госпитальдың жаңа корпустарын салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

https://kaz.365info.kz/maskeudegi-paradkha-khazakhstandagy-ardagerlerdin-eshkhajsysy-barmajdy-vitse-ministr-314090

Алексей Цойдың айтуынша, ағымдағы жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге кірісу, атап айтқанда, жылдың соңына дейін бастапқы жобалау материалдарын жинау, іріктеу және бағалау, сыртқы инженерлік желілер трассасын топографиялық суретке түсіру жұмыстарын жүргізу жоспарланыпты.

Жобалау бойынша, жұмысты 2019 жылдың үшінші тоқсанына аяқтау және 2020 жылдан бастап объектіні салуға кірісу жоспарлануда.

Нормативтік мерзімдерін ескере отырып, жаңа корпустың құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр екен.

Атап айтарлығы, денсаулық министрлігі жаңа корпус құрылысына бюджеттен бөлінген қаржымен қатар, жеке инвестициялар тарту мәселесін де пысықтауда.

Бұдан бөлек, вице-министр жаңа корпусты пайдалануға қосқанға дейін, ұлы отан соғысы (ҰОС) ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға медициналық көмек «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК бас корпусы мен «Қазақстан санаторийі» АҚ-да, сондай-ақ Астана қаласындағы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне арналған республикалық орталық госпитальда көрсетілетінін атап өтті.

https://kaz.365info.kz/yly-otan-sogysy-ardagerlerine-beriletin-syjakhy-kolemi-ar-onirde-artyrli-260640

– Сондай-ақ, пациенттердің емделуіне тиісті жағдайды қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау министрлігі «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК бас корпусының ғимараттары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізді, осы мақсатқа 2015 жылы – 106,4 млн. теңге, 2016 жылы – 212,9 млн. теңге және 2017 жыл – 219,5 млн.теңге бөлінді, – деп мәлімдеді министрдің орынбасары.

Сөзінің соңында, Алексей Цой ҰОС ардагерлерін оңалту үшін күндізгі стационарлар мен үйдегі стационарларда қажетті жағдайлардың жасалғанын, жалғыз басты және өзі жүре алмайтын азаматтарға үйлерінде медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті.

– Көрсетілген контингент үшін республиканың барлық стационарларында қолайлылығы жоғары жеке палаталар көзделген. Амбулаториялық-емханалық көмек тіркелген жері бойынша, аумақтық емханаларда көрсетілуде, онда жүйелі түрдегі медициналық қарап-тексеруді қоса алғанда, олардың денсаулық жағдайын есепке алу, динамикалық қадағалау жүзеге асырылуда, – деді сөзін тәмамдаған вице-министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз