Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты өтеді

134

Чемпионаттың ашылу салтанаты 20 қазанда, сағат 13:00-де басталады. Чемпионатқа республиканың 15 өңірінен 92 параспортшы қатысады деп күтілуде.

«Қазақстанда арбамен билеу спортын дамыту қажет. Өйткені бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен психологиялық демеу, әлеуметтік бейімделуі жағынан да, денені шынықтыру мен тәнді сауықтыруға септігі мол. Қазақстанның Спорттық би федерациясы халықаралық аккредитация алғалы еліміздің 15 өңірінде оның филиалдары ашылып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін залдар, жатықтырушылар берілді. Біз өз тарапымыздан барлық өңірлерге 15 арба сыйладық.

Алдағы чемпионат үшін барлық 92 қатысушыға арнайы киім тіктірдік. Жарыстың барлық қатысуышылары мен жеңімпаздары жүлде қорынан бөлек, демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар алады.

Өкінішке қарай, мүгедек адамдарға деген қиғаштау көзқарас қоғамымызда әлі де бар. Біз, қоғам қайраткерлері, шығармашылық адамдары мен демеушілер күшімізді біріктіріп, осы чемпионатты ұйымдастырып отырмыз. Жарысқа 5 елден келген халықаралық дәрежелі төрешілер қазылық етеді», деп мәлімдеді «Әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бент-Анат Бейсембаева.

Арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты 20-21 қазанда Алматыдағы «Халық Аренада» өтеді. Чемпионаттың ашылу салтанаты 20 қазанда, сағат 13:00-де басталады. Чемпионатқа республиканың 15 өңірінен 92 параспортшы қатысады.

  • Чемпионатты тұңғыш рет Спорттық би Федерацияларының Қауымдастығы (ҚР СБФҚ) өткізбек.

Чемпионаттың ашылу салтанатында ҚР СБФҚ мен Арбамен билеу комитетінің құрметті Президенті К.Қ. Мәсімов сөз сөйлеп, қазақстандық жұлдыздар – Зарина Алтынбаева, Жәмила Серкебаева, Әлішер Кәрімов, “Тұмар”, “Alem Band” топтары өнер көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз