Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда алғаш рет тіл үйрететін тегін курс ашылды

Медеу ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Тілдер паркі» атты курс аптасына үш күн жұмыс істейді. Сегіз тіл маманы сабақ береді. Бүгінге дейін курсқа қатысуға 600 адам өтініш берген.

«Ниеттілердің қатары артса, оқытушылар санын көбейтеміз», – дейді ұйымдастырушылар.

«Тілдер паркі» мектебі жаз айларында ғана жұмыс істейді. Оқушыларға тамыз айының соңында арнайы сертификат беріледі. Айта кетейік, тегін тіл үйрету курсында жас шектеуі жоқ.

Ержан Жылқыбаев, Медеу ауданының әкімі:

– Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ресми тіл және ағылшын тілін, яғни халықаралық тілді білуіміз керек. Жас болсын, орта жас болсын, үлкен ата-аналар болсын, оны біліп, меңгеру ешқашанда кеш емес. Сол себептен біз осы таза ауада, жазда балаларымыз компьютердің алдында отырмай, осы тілді меңгерсін, жетік меңгерсін деп шақырамыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз