Алматының “Шаңырақ” ықшамауданында жоғалған 4 жасар бала өлі табылды.
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД өкілдері хабарлады.
Полицияның мәліметінше, мәйіт тереңдігі екі метр кәріз құдығынан табылған.
2014 жылы туған Көмеков Арсен 17 мамырда Алматы қаласы Алатау ауданындағы Шаңырақ шағын ауданында жоғалып кеткен.