Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Алматыда 2 мыңнан астам адам менингит күдігіне ілінді

Оның айтуынша, өлім-жітімнің болуына науқастың көмекке кеш жүгінуі себеп болған.

«Барлық өлім-жітім ең бірінші кезекте науқастың кеш жүгінуінен болып отыр. Яғни, олар медицина қызметкерлеріне қаралуға асықпаған. Мәселен, соңғы оқиғада студент 3-4 күн бойы жатақханада жатып, дәрігерге қаралмаған. Ал дәрігерге келген кезінде кеш болды. Сондықтан да өлім-жітімнің басты себебі – медициналық қызметкерлерге кеш жүгіну», – деді Жандарбек Бекшин.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Алматыда 2,2 мың адам тексеруге алынған.

«Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің, билік органдарының жұмысы аталған тетіктің (тасымалдаушыдан жұқпаның таралуы) таралуын тоқтатуға бағытталып отыр. Осы мақсатта барлық таралу ошақтарындағы байланысы барлар есепке алынуда. Бүгінгі күні шамамен 2,2 мың адам тексеруге алынды. Олардың ішінде 2 тасымалдаушы мен 3 ауруға шалдыққан адам анықталды. Яғни, анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Міне осы әдіс арқылы тізбекті үзбейтін боламыз», – деді бас санитар дәрігер.

Жандарбек Бекшиннің дерегінше, ағымдағы жылы елімізде 62 менингокок жұқпасы орын алған. Оның 29-ы Алматыда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Астанада 4-тен және Алматы облысында үшеуі тіркелген.

«Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 8 өлім тіркелді. Оның 4-еуі Алматыда, ал Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында екіден орын алды. ОҚО-дағы жағдай қаңтар айында тіркелген болатын», – деді ол. Айта кетейік, бас санитар ағымдағы жылы қажылыққа баратын 2 мың адамға менингитке қарсы екпе жасалатындығын да айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз