Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде өзін атып өлтірген сарбаздың анасы қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдап, әскердегілерді кінәламауды сұрады. Ирина Боровецтің айтуынша, ұлы әскерде қысым көрмеген.
«Ол сәуірден бастап әскери міндетін орындауға кетті. Оны ешкім ренжіткен жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр, сол жақтағылар шешеді деп ойлаймын», – деді ана.
Ол әскерде жүрген балаға жағымсыз жаңалықтар айтып, ойын бөлмеуді сұрайды. Сонымен қатар ол ұлының өз-өзіне қол жұмсауына әскер кінәлі деген жалған қауесет таратпауды өтінді.
«Менің ұлым жақсы қызмет етті және үнемі қоңырау шалып, сондағы жағдайларды айтып беріп отырды. Менің әскерге шағымым жоқ. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызды жаман жайттардан қорғаңыздар, басын жаман жаңалықпен ауыртпаңыздар, алаңсыз борышын өтесін», – деді Боровец.