Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
6
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Алматы тұрғынының үйінен жарты келіден астам есірткі табылды

«Жедел ақпаратқа сәйкес, 38 жастағы ер адам әкесімен бірге тұрады. Полиция оның есірткі сатумен айналысып келгенін анықтады. Бірнеше күннен соң күдікті ұсталды.

Түрксіб ауданындағы үйден иісшіл иттердің көмегімен салмағы 300 грамм болатын сұр түсті ұнтақ зат, салмағы 200 грамм болатын өсімдік тектес зат табылды.

Сот-химиялық сараптама бұл заттардың героин мен марихуана екенін анықтады. Күдікті есірткі заттарын мұқият жасырған. Алайда иісшіл иттер оны бірден тауып алды», – деді Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілі Ерлан Алмағамбетов.

Полицейлер Алматы тұрғынының үйінен жарты келіден астам есірткі тапты.

Күдіктінің үйінен жалпы алғанда 1 мың 395 доза есірткі табылған.

«38 жастағы ер адам мұның алдында да есірткі сақтап, сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, өзі де нашақорлар есебінде тұрған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазір полиция аталған заттардың қалаға жету каналдарын анықтап жатыр», – деді подполковник Алмағамбетов.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз