Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Алматы тұрғыны ұлының өліміне полиция қызметкерін кінәлап отыр

253

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ұлын жер қойнына тапсырғананына бір ай өтсе де, ананың жүрегі әлі де қан жылайды. Бүтін бір әулетті есеңгіреткен қазаға сенгісі жоқ. Бауыр еті баласының өліміне кінәлілер тиісті жазасын алуын талап етеді.

“Менің балам ақылды болатын. Бала-шағасын бағып адам сияқты жүрген ғой. Тиісті жазаларын алсын.  Басқа ештеке сұрамаймын”, деді М. Пірәлиевтің анасы.

Бұл 29 жастағы Мәлік Пірәлиевтің өмірін жалмаған жол апаты күні түсірілген кадрлар. Мерседес қала ішінде бір көлікті соғып, ұстатпай қашып бара жатқанын байқауға болады. Ол аздай, жүгенсіз жүргізуші Бішкек-Алматы тас жолында тағы екі көлікті жанап, қарсы бетте алаңсыз кетіп бара жатқан Мәліктің машинасына бетпе-бет соғылған. Салдарынан,жүргізушінің демі ауруханаға жетпей үзілді.

Бұл жол апатынан кейін жан тапсырған Мәлік Пірәлиевтің көлігі. Соққының қатты болғаны соншалық, темір тұлпардың қаңқасы жаншылып, сау-тамтығы қалмаған. Ал, кеудесі қысылып қалған жүргізушіні құтқарушылар артқы есікті кесіп әрең дегенде алып шығыпты.

Үш баласымен жесір қалған марқұмның жұбайы тал түсте жолда ойран салған Қарасай аудандық Ішкі істер басқармасының қызметкері дейді. Тәртіп сақшысының жәбірленуші болып шыға келгеніне қайғыдан қан жұтқан отбасы наразы.

“Оның ағасы барлығын сатып алып отыр. Біз қайғыдан қан жұтып жатқанда экспертизаны да сатып алды. Жол апатының видеоларын өшірген. Хизат деген бұрын Киздің әкімі болған. Қазір біздің ауылдың әкімнің орынбасары. Ол тергеуге араласып жатыр”, деді М. Пірәлиевтің жұбайы.

Алайда, бұл айтқандарды атқамінер теріске шығарды. Хизат Молдыбаев інім жол апатынан зардап шеккендердің бірі деп азар да безер. Сондай-ақ, туған інісінің қызмет бабында тәртіпсіздікке бармағанына сенімді.

Мерседес көлігін тізгіндеп, жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші тергеліп жатыр. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы Ильзат Әбдіқұлов бұл істе жәбірленуші. Қара жамылған отбасы пагон тағып, ойына келгенін істеген Ильзатты жазаламай қоймаймыз деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз