Алматы полициясы 6-қарашада Бостандық ауданында орналасқан бизнес-орталықта болған өрт кезінде мерт болған жұмысшылардың кім екенін анықтады. Өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу істері әлі жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
5 адамның мүрдесі өрт болған күннің ертеңінде, 7-қарашада оқиға орнын жинау, тазалау кезінде 11.00-де табылған.
„Олар алматылық бірқатар ЖОО-ларда білім алып жатқан 1994, 1995, 1996 жылы туылған студент жастар болып шықты. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өндіріс кезеңінде қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталды„ делінеді ресми хабарламада.