Алматының №10 мектеп-интернатында болған төбелес ісіне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, әлеуметтік желіде бейнежазбасы тараған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оны Бостандық ауданы ІІБ тергеу бөлімі жүргізіп жатыр.
Кейінірек тәрбиешінің жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.