24 наурызға қараған түні болған жантүршігерлік жол апатынан алты ересек адам мен екі бала көз жұмды деп хабарлайды sputniknews.kz.
Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданында 23 наурыздан 24 наурызға қараған түні Алматы — Көкпек — Көктал трассасының бойында болды.
Қазақстан ауылының маңында Nissan Primera мен Toyota Vista көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан 8 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі 2015 және 2017 жылы туған балалар. Тірі қалған сегіз жасар бала ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалды.