Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматы облысында жылдың үздік ұстазына көлік кілті табыс етілді

Бүгін Талдықорғанда Мұғалімдер күні қарсаңында өңірдің білім саласына еңбегін сіңірген ардагер, зейнеткер педагогтар мен осы күнде жастарды білім нәрімен сусындатып, бар білімі мен біліктілігін ұрпақ тәрбиелеу ісіне аямай жүрген бір топ ұстаздар марапатталды.

Марапатталушылар қатарында «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атағы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісіне» ие болғандар да болды.

Салтанатты шара барысында Қарасай ауданындағы Жамбыл атындағы орта мектеп «Үздік ауылдық мектеп», ал Еңбекшіқазақ ауданындағы мектепке дейінгі «Бәйтерек» мекемесі «Үздік балабақша» деп танылды.

Қазіргі таңда облысымыздың білім беру саласында 35 мыңнан астам адам еңбек етуде. Түрлі республикалық байқауларда облысымыздың ұстаздары жоғары нәтижелер көрсетуде. Атап айтқанда, «2018 жылдың үздік мұғалімі» байқауында Алматы облысының бір топ ұстаздары лайықты түрде «Үздік педагог» атағына ие болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз