Алматы облысындағы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында төтенше жағдай болды. Жүк көлігі газ құбырын қағып кеткен. Артынша әлеуметтік желіде табиғи газдың лаулап жанып жатқан видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Апатты жағдайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.
«13 тамыз күні 23 сағат 17 минутта газ құбырын жүк көлігі қағып кеткендігі жайлы хабарлама келіп түсті. 23 сағат 55 минутта «Жетісу газ» ЖШС-нің қызметкерлері лапылдап жанған газды тоқтатты. Қазір газ құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді аталған ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.