Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы облысында өртенген банкоматта қанша ақша болғаны белгілі болды

146

Сонымен қатар, істің фабуласы бойынша, 17-ақпанда сағат 21.30-да Кербұлақ аудандық ішкі істер бөліміне белгісіз біреулердің Сарыөзек ауданындағы дүкендердің бірінде орнатылған банкоматты ашқысы келгені жайлы ақпарат келіп түскен.

Газбен балқытып біріктіру құрылғысы арқылы жасалған қылмысқа оқталу нәтижесінде 5 және 10 мың теңгелік купюралар өртенген. Күйген ақшаның жалпы сомасы – 4,8 миллион теңге.

Осыған дейін Сбербанк өкілдері Алматы облысы Сарыөзек ауылындағы банкоматты белгісіз біреулердің тонағысы келгені жайлы оқиғаның мән-жайын айтқан еді.

“Сбербанк” АҚ еншілес банкі Маркетинг және коммуникация басқармасының директоры Олегжан Бекетаев қаскөйлердің банкоматты ашқысы келгенін растады. Олар банкоматты ашып жатқан сәтте дабыл белгісі қосылған.

“17-ақпанда Алматы облысындағы Сарыөзек ауылында Сбербанктің жеке дүкенде орналасқан банкоматты ашу әрекеті болды. Қаскөйлер оны газбен балқытып біріктіру құрылғысымен ашпақ болған, бұдан купюралар өртенген. Ашу кезінде дабыл белгісі қосылып, оқиға орнына жедел әрекет ету тобы жөнелтілген. Банк тонау әрекеті дерегі бойынша құқыққорғау органдарына хабарласты, тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлаған болатын банк өкілі.

Банктегілердің айтуынша, жанып кеткен купюраларды алмастырып алуға болады.

“Банкомат жарамсыз болып қалды, банкке келген шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Сбербанк әлемнің жетекші вендорларынан тапсырыспен алдырады, банкоматтардың жоғары дәрежедегі сейфтері бар, сондай-ақ, жоғары деңгейлі қауіпсіздік жүйесі орнатылған”, – деп атап өтті “Сбербанк” АҚ еншілес банкі Маркетинг және коммуникация басқармасының директоры.

Еске салайық, Алматы облысында белгісіздер банкоматтағы миллиондаған ақшаны ала алмай, өртеп кеткен. Бұл мәліметті Алматы облысы ІІД ресми өкілі Айман Мырзекова растаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз