Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы облысында оқушыны басынан шерткен директор істі болды

Оқиғаға оқушылардың мектеп басшылығының рұқсатынсыз өз көліктерін айдап демалуға шығуы себеп болған.

Осыдан кейін мектеп басшысы Нұрдәулет Омаров 12 мамыр күні оқушыларды жинап алып ұрысқан.

Директор 7-сынып оқушысы Жорас Ақан есімді оқушының маңдайынан шертіп қалған. Ертеңінде оқушының анасы келіп, „ұлын ұрды„ деп полицияға арызданған.

Байғазы ауылында 70 адам ғана тұрады. Олардың бәрі бір-бірін жақсы танып қана қоймай, көбісі туыс болып келеді. Тұрғындар арасында сол ауылға жақын маңдағы Шоқан ауылында болған қайғылы жағдайды білетін болған соң, мектеп директорының ісін дұрысқа балайтындар да табылды.

Бірнеше жыл бұрын осы аудандағы Шоқан ауылында оқушылар мінген трактор аударылып, бір бала қаза тапқан еді.

Мектеп директорының әрекеті бойынша полицейлер «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғады. Ауданда жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты 77 іс тіркелген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз