Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматы облысында медбике жоғалып кетті

«Содан бері арада бір апта уақыт өтті. Әріптестері жағдайды түсіндіргілері келмейді. Ал жоғалған әйелді тек балалары ғана іздеп жүр», – деп хабарлады «31 арна».

Бақытжан Есенәлиев бір аптадан бері анасын іздеп жүрген көрінеді. Ол содан бері Қаскелең өзені арнасын түгел сүзіп шыққан. Жұрт соңғы рет Гүлнар Есенәлиеваны осы жерден көріпті. Ол 18 маусым күні корпоративке кеткеннен қайтып үйіне оралмаған.

«Кеше оның бір туфлиін тауып алдық. Бірақ денесі табылар емес. Үйдегі кішкентай інім шын мәнінде не болғанын білмейді. Біз оған мамамның бір жаққа кетіп қалғанын айттық та қойдық. Бірақ ол бәрін сезеді деп ойлаймын»

дейді жоғалған әйелдің үлкен ұлы Бақытжан.

Туған-туыстары Гүлнар суға құлап кеткен болуы мүмкін дегенді айтады.

Мына сурет медбике жоғалып кететін күні түсіріліпті. Қарасай аудандық ауруханасының қызметшісін әріптестері суретке басып алыпты. Алайда, солардың бірде-бірі қазір сол күні не болғанын айтқылары келмей отырғанға ұқсайды. Қазір әйелді іздестірумен полицейлер және еріктілер айналыса бастапты. Негізгі болжам Гүлнар суға батып кетуі мүмкін дегенге саяды.

«Біз қазір барлық болжамдар бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Жоғалған әйелді іздестіруге шын мәнінде бөлімше мен төтенше жағдайлардың барлық қызметкерлерін қостық. Жақын арада нәтижесі белгілі болып қалады деп ойлаймын»

деді облыстық ішкі істер департаментіндегілер.

Гүлнар Есенәлиева бір өзі екі бала тәрбиелеп отырған. Оның үлкен ұлы Бақытжан қазір 22-де, ал кішісі 11-де. Балаларға әзір туыстары қарасып жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз