Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
10
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматы облысында дәретханадан табылған шақалақтың анасы ұсталды

Еске салайық, Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылындағы үйдің әжетханасынан жаңа туған нәресте 5-шілдеде табылған еді.

Куәгердің айтуынша, қыздың салмағы – 3,3 келі. “Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде туған. Нәрестені төрт метрлік шұңқырдан алып шықты”, – деді куәгер. Оның айтуынша, қыз 4 шілдеде таңғы сағат 7-де табылған. “Үйдің қожайыны әйелді көрмепті. Ол таңғы сағат 7-де нәрестенің жылағанын естіп, сыртқа шыққан. Содан жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, нәресте жергілікті ауруханаға жеткізілді. Кейіннен оқиға орнына полицейлер келіп, қыз облыстық ауруханаға жеткізілді”, – деді куәгер.

Облыстық балалар ауруханасы емдеу ісі директорының орынбасары Арман Тойбековтың айтуынша, нәрестенің жағдайы қалыпты. “Қызға аздап суық тиген, бірақ дене температурасы қалыпты. Ауруханада тағы 10 күндей ем алады”, – деді дәрігер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз