Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы облысында адасып кеткен 6 адам табылды

12 ақпан күні 6 адам балық аулау үшін, алдын ала баратын орынды білмей жолға шығып кеткен көрінеді. Адасқан топтың көліктері «Келті» өзенінің маңында бұзылып, далада қалған. Дегенмен араларында аяздан үсік шалып, зардап шеккендер жоқ.

«Іздестіру жұмыстары осы орындарда ұялы телефон байланысының кейбір жерлерде ұстамауынан және де жоталы аумақтар болуы себебінен қиындық туғызды. Қаратал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жетекшілігімен іздестіру тобы азаматтарды тауып, құтқару және бұзылған автөкөліктерді қалың қардың құрсауынан алып шығу жұмыстарын жүргізді», деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, балық аулауға кетіп, жоғалғандар жөніндегі суыт хабар 13 ақпан күні № 30 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне түскен. Осы ақпарат дер кезінде Қаратал аудандық әкімшілігіне, Каңбақты ауылдық әкімшілігіне, учаскелік полиция қызметіне және аудандық прокуратураға жеткізілді. Оқиға орнына жедел құтқару тобы шығып, тұрғындар 14 ақпанда аман-есен табылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз