Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматы облысында 14 мың оқушы мектеп бітіреді

Ал облыстағы білім саласының бюджеті 150 млрд теңгеге жетті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл 9 мектеп пен 5 балабақша салынды. Алдағы жылдардың ішінде тағы 48 білім ғимараты бой көтереді. Қазір облыс орталығы Талдықорғанда 24 мектеп бар. Бұл білім ордаларын 1300 шәкірт аяқтағалы отыр.

Самғат Долаев, Талдықорғандағы №1 мектеп-гимназияның директоры:

– Оқу бағдарламасы бір орында тұрған жоқ. Жаңа бағдарламалар енгізіліп жатыр. Материалдық-техникалық база керек, оны жаңарту керек. Бұл бағытта да үлкен жұмыстар атқарылуда, іске асуда. Енді оқушыларымыз – біздің балалар білім алып, елімізге табысын көрсетеді деген сенімдеміз.

Гүлдана Орынғали, Талдықорғандағы №1 мектеп-гимназияның түлегі:

– Бүгін біз мектеп бітіріп жатырмыз. 11 жыл бойы осы мектепте оқыдық. Мұғалімдерімізге, ата-аналарымызға рақмет айтамыз. ҰБТ-дан жоғары баға аламыз деген үміттеміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз