Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы қоқыс сұрыптау кешені тестілеу режимінде іске қосылды

Ол кешеннің нақтылы сызба бойынша жұмыс істейтінін, соның арқасында ТҚҚ-дан қатқыл шикізат өндіруге болатындығын жеткізді. Пайдалы шикізат алу үшін қоқыс өңделер алдында сұрыпталады. Яғни қоқыс құрамындағы ірі заттар, түрлі-түсті және қара металдар, әйнек пен пластик алынып тасталады.

Қалдықтың жалпы көлемінен 50 мың тоннаға жуық екінші шикізат алу жоспарланған. Соның ішінде: ПЭТ – 31%; картон – 24%; целлофан – 8%; әйнек – 29%; пластик – 7%; металл – 7%. Алынған екінші шикізат одан әрі өңдеу үшін өзге өндіріс орындарына жіберіледі. Осылайша шаруашылық айналымы іске асады.

Жоба жүзеге асқан жағдайда 530 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, зауыт айналасында екінші шикізатты өңдейтін учаскелер ашу жоспарланған. Қоқыс сұрыптау кешенінің ашылуы Алматы үшін өте маңызды. Өйткені, қалада тұрмыстық қатқыл қалдықтар барлық коммуналды қоқыстың 95%-ін құрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз