Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматы дәрігерлері 100-ден асқан қарияның туған-туыстарын іздестіріп жатыр

112

Дәрігер оның денсаулығы жақсы екенін айтады.

Әжейдің айтуынша, оның екі ұлы, немересі, шөбересі бар көрінеді. Қазақстанның әр түкпірінде қонақта болады екен. Соның ішінде Алматыға да келіп тұрады. Бірақ қарт ана балаларының аты-жөнін атаудан үзілді-кесілді бас тартқан, оның бір ұлы шенеунік көрінеді, ал немерелері шетелде оқитын секілді.

Әжей жасының 124-ке келгенін айтады. Алматы облысы, Бестөбе ауданы, Правда совхозында тұратын көрінеді.

Гүлжахан Жакенова әжейдің өзін үйіне жіберуін сұрап отырғанын айтады. Оны үйіне апарып салмақ болып, туған-туыстарын іздеген. Бірақ әжей артынан үйіме бармаймын деп тулап шыққан. Қарияның жанында құжаты болмапты, бірақ ақшасы бар екен.

Дәрігерлер әжейдің алжи бастағанын да байқапты. Қарт ана жөн-жосықсыз айқайлап, жан-жақтағыларын балағаттап, ұрса жөнеледі екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз