Алматы прокуратурасы бала сатумен айналысқан сайтты анықтады.
Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Алматы прокуратурасы басқармасының прокуроры Бақұстар Қадырбаев бір сайт арқылы бала сатып алу дерегі әшкерленгенін мәлім етті. Оның айтуынша, перзентханадан шыққан ана баланы сатып алушыға беріп үлгерген. Олар сайтта осы жаңалығымен қуанып, бөліскен.
“Енді баланың құжатын туралауға кірісу керек” деп жазған олар.
Прокуратурадағылар қазір бұл сайттың бұғатталғанын хабарлады.
Тергеушілер Регина деген келіншекті баланы сатып алушы ретінде күдікке алып отыр. Оның Алина есімді екі жасар қызы бар, баланы оған 16 жастағы құрбысы “сыйға” тарту еткен көрінеді.
Алматы қаласы Алмалы аудандық білім беру бөлімінің өкілі Лаура Байтенизованың айтуынша, Қазақстанда туған баласын ата-ана тікелей басқа отбасыға асырауға беруге құқы жоқ. Ең бірінші баладан бас тартатындығы туралы өтініш толтырылады, одан кейін шақалақ сәбилер үйіне өткізіледі, одан соң ғана кезекте тұрған жандар баланы асырап алуды тіркейді.