Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы автобустарында жолаушылар картасынан ақша шешіп алып жүрген алаяқтар бар екен

Өз кезегінде компаниядағылар жолаушыларға қоғамдық көлік бақылаушыларына «Оңай» картасын тексеруге беруге болмайтынын ескертті. Себебі олар Алматы көлік холдингінің де, тасымалдаушы компанияның да ресми қызметкерлері емес.

«Картаны тиісті форма киіп, бақылаушының тұлғасы мен өкілеттігі көрсетілген бейдж таққан ресми бақылаушыларға ғана көрсету керек. Егер қоғамдық көлікте жалған бақылаушыларға ұшырассаңыз, бұл туралы «Оңайдың» байланыс орталығына хабарлауларыңызды сұраймыз», – делінеді хабарламада.

Сонымен қатар,көлік холдингіндегілердің сөзінше, егер картаның шотынан  екінші қайтара ақша алынса, жолаушы карта балансына ақшасын қайтару үшін, холдинг мекен жайына шағым жолдай алады.

Сондай-ақ, көлік холдингіндегілер мұндай бұзушылық анықталған жағдайда, өздерінің бақылаушыға айыппұл сала алмайтынын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз