Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Алматы әкімі қаланың коммуналық қызметінің қысқа дайындығын тексерді

Қала әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің барлық аудандарында «жедел» желі мен учаске бастықтарының, аудан әкімдері орынбасаларының байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық стенд орнатуды тапсырды.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында коммуналдық қызмет өкілдеріне жаяу жүргіншілер жүретін тротуарлар мен аула ішін жедел тазартуда ПИК-тердің жұмысын барынша күшейту қажеттігін ескертті.

Осы іске жауапты мердігерлік ұйымдардың жұмысын бақылау қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының құзырына берілді.

«Қаланы реконструкциялауға байланысты жаңарған даңғылдар мен көшелерде арнайы техника, оның ішінде көпфункционалды Pony машиналары, шағын жүктиегіштер, жеңіл тракторлар жұмыс істейтін болады. Ал жұмысшылар төселген заттарға ақау түсірмейтін арнайы құралдарды пайдаланады», – деді басқарма бастығы Әсет Масабаев.

Оның айтуынша, қалада жалпы көлемі 20 млн шаршы метр аумақ қардан тазарту қажет. Көшелерді қыста 13 мердігерлік ұйым, 1 285 арнайы техника тазартады. Жол тазалайтын жұмысшылар санын 1 700-ден 3 200 адамға жеткізу жоспарланған. Аудандар бойынша өндірістік базалар құрылған, бұл қар тазалау жұмыстарын 1,5 есе жеделдетеді.

Жұмысшыларға жақын тұсқа модульды контейнерлер қойылады, олар сол жерде киініп, жылынып, ыстық ас ішеді.

Айта кету керек, бүгін Алматыда түннен бері жауған қардың биіктігі таңға жуық 4 см-ге жеткен болатын. Қарбалас уақыттан соң қалада қар тазалауға арнайы 416 техника мен 1 045 жұмысшы жұмылдырылды.

Қала көшелерінде 2 800 тонна көктайғаққа қарсы құм төгілді. «Қазгидрометтің» болжауынша, қар 13 қарашаға дейін жауады. Қала әкімдігі көктайғақ болуы ықтимал болғандықтан, жүргізушілерге абай болуды ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз