Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматы аэровокзалы жіті тексеруден өтті

2016 жылғы 25 тамызда Алмалы ауданының Көші-қон полициясы аэровокзал нысанына тексеру жүргізіп, бұның нәтижесі сайттарда жарияланған. Алайда тексеру барысында тапқан олқылықтарды нысан әкімшілігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қосалқы жалға алушы кәсіпкерлер мен оларға қызмет көрсетуші персоналдарды қайта тексеріп, күдікті ілік таба алмады. Жалға алушылар мен ұялы телефон жөндеушілер арасынан дәлел келтірген Марат есімді шебер болмай шықты.

 Ал, бірқатар ақпарат құралдарында Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген келімсектер деп көрсеткен саусақпен санарлық қызмет көрсетуші персоналдар ҚР жеке куәлігін күтіп жүрген ұлты қазақ өз қандастарымыз екеніне көз жеткіздік.

 Дәл осы тексеруде аэровокзалды жалға алушы кәсіпкерлерге қатысы жоқ, қала билігінің рұқсатымен өтетін жәрмеңкеде сатушы қызметін атқарып жүрген құжатсыз адамдарға да осы нысан қызметкерлері есебінде хаттама толтырылғаны ішкі тексеру арқылы анықталды.

Бірқатар ақпарат құралдары Алматы қаласында полицейлермен қанды қырғын жасаған Руслан Күлікбаев осында қызмет етіпті деп жазған. Аэровокзал әкімшілігі ол жігіттің және онымен үндес жігіттердің маңында жоқ екенін және оларға ешқандай да қызмет түрін ұсынбағанын, кеңсе де жалға бермегенін айтып қалалық мемлекеттік органдарға дәлелдеп бағуда.

Бұдан имидждік тұрғыдан зардап шеккен аэровокзал әкімшілігі осы туралы жазған басылымды сотқа бермек.

Мемлекеттік органдарға апталық, айлық есебін беріп отырған «Ай-Али Групп» ЖШС компаниясы осы аэровокзал нысанында өз істерінің адал әрі ешкімге зияны жоқтығын дәлелдеп шығарына сенімді.

liobqnuktss-700x467

Дайындаған, Ғалымжан Айтмаханов 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз