Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Алғашқы 50 мың отбасы «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден алды

1657

Бұл туралы  «Орда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салтанат Есмағамбетова Facebook парақшасында жазды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің өткен аптадағы отырысында коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден бөлу туралы шешім қабылданған еді.

Бастапқыда қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Әйтсе де, өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өсіп, ал партияның онлайн ресурстарына көмек сұрап хабарласушылар саны екі есеге артты. Сондықтан, Елбасының тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясының аясында, бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азаматқа көрсету туралы шешім қабылданды.

«Birgemiz» Қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сакеевтың мәліметінше, қазіргі таңда 50 мың теңге материалдық көмекті 50 мыңнан аса адам алып үлгерді.

«7,6 миллиард теңге қаражат аймақтық қорлардың есебіне түсті. Ақша сол жақтан көмек алушылардың банктік есеп-шоттарына аударылады. Бұлар негізінен карантин қиындықтарын көбірек шегіп жатқан 23 ірі қаланың тұрғындары. Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдерінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтар қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС-ның ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері бар», – деді Руслан Сәкеев.

Сонымен қатар, ол материалдық көмекті екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғалардың карточкаларына немесе ағымдағы есепшоттарына аудару кезінде одан комиссия алынбайтынын айтты.  Сондай-ақ, бұл қаражаттың кредиттері бойынша қарызы бар азаматтардың берешегін өтеу үшін ұсталып қалмауы да пысықталған.

«Бүгін ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар “BIZBIRGEMIZ” ҚҚ-нан 50 000 теңге көмек ала бастады. Бұл Елбасы мен Нұр Отан партиясының арқасында жүзеге асып отыр. Әлеуметтік саясатты дұрыс бағытта жүргізіп, ардагерлерді, ерекше қажеттілігі бар балаларды және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын ешқашан қамқорлықсыз қалдырмайтындарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Осындай қиын уақытта әрбірінің есебіне 50.000 теңгеден аударып, мүгедек балаларды да назардан тыс қалдармадыңыздар», — деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында «Орда» елордалық аутизімі бар балалардың ата-аналар бірлестігінің жетекшісі Салтанат Есмагамбетова.

Жалпы, “Birgemiz” қоғамдық қорының шотына 14 млрд.теңгеден астам қаржы түсті. Жиналған қаражат есебінен  Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 2 мыңнан астам дәрігері 50 мың теңгеден алады. «СК-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент халқының осал топтары үшін 5 миллион маскалар сатып алу жөніндегі шартқа қол қойылды. Жиналған қаражат және өңірлер бойынша бөлінетін көмек туралы ақпаратты қадағалау үшін қор  birgemiz2020.kz деген   ресми сайт құрды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз