Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әлеуметтік тауарлар тізімінен қой еті алынып тасталды. Министрлік бұған не дейді?

Әлеуметтік маңызды тауарлар тізімінен қой етінен бөлек, шәй, қызылша және түрлі дәнді дақылдар да түсіп қалған. Бірақ елімізде шәйға деген сұраныс артпаса, төмендемеген. Тек оның нарықтағы түрлері сан алуан болғандықтан, шенеуніктер шәйдің бағасын бақылаудан бас тартып отыр. Ал тұрғындар жылына 100 келі көкөніс тұтынады екен. Бірақ қазақстандықтар қызылшаны аса жей бермейтін көрінеді. Сондықтан ол да тізімде жоқ.

Жалпы, бұған дейін әлеуметтік маңызды азық-түліктердің қатарында 33 түрлі тауар болған. Биыл жаңа тізім бойынша олар 19-ға қысқарыпты.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар деп саналатын азық-түліктерді әкімдік үнемі бақылауда ұстап отырады. Егер олардың бағасы қымбаттаса, бірден шара қолдануы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз