Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Әлеумет мен денсаулық – Үкіметтің биылғы бас міндеттері

Депутаттарға қарата айтқан сөзінде Мемлекет басшысы халық қалаулыларын Парламенттің жаңа сессиясы жұмысының басталуымен құттықтап, алтыншы шақырылымдағы депутаттық корпустың жоғары кәсіби біліктілік таныта білгені мен Үкіметпен өзара тығыз әрекеттесе алғанын атап өтті.

Үшінші сессия қорытындысы бойынша Парламент 87 заң қабылдады, оның ішінде мен жариялаған «Бес әлеуметтік бастаманың» қажетті нормативтік-құқықтық негіздері толықтай қалыптастырылды. Бұл бастамалар алты миллион қазақстандықтың әлеуметтік жағдайын жақсартады, біздің азаматтарымыздың бірлігін нығайта түседі, ал халықтың бірлігі мемлекеттің гүлденуіне жол ашатын шешуші талап,

деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Одан кейін Қазақстан президенті елдің экономикалық жетістіктеріне жеке тоқтала кетті:

Жалпы ішкі өнім өсімі төрт пайызды құрайды, инфляция деңгейі 5,9 пайызға дейін төмендеді, инвестициялар көлемі 24 пайызға артты. Экономика мен қоғамды тиімді түрде модернизациялауға жағдайлар жасалуда. Біз былтырғы жылдан бері экономиканың орташа әлемдік өсім қарқынынан оза бастадық. Экономикалық өсімді алға жылжытқан күштер – шикізаттық емес секторлар болды: өңдеу өнеркәсібі, көлік пен қызмет көрсету салалары,

деп тізіп шықты президент.

Сондай-ақ, Елбасы әлеуметтік-экономикалық дамуды ары қарай үдете түсу үшін сапалы заңнамалық жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Президенттің сөзінше, бұл жердегі ең маңызды мәселелердің бірі –

халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтитын санатын медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кіріктіру, сондай-ақ зейнетақымен қамтамасыз ету.

Қажетті өзгертулер мен толықтырулар жыл соңына дейін қабылдануы тиіс деп санаймын. Бұл әсіресе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ауысуымызға байланысты, кепілдендірілген медициналық көмек көлемінің жаңа моделін енгізу мен қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және медициналық мекемелерде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі міндеттерімізге байланысты (2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы аясында) өте көкейкесті мәселе болып отыр,

деп нақтылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз