Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Әлемдегі ең кедей экс-президент” зейнетақыдан да бас тартты

122

Бұрынғы президенттің 2020 жылға дейін сенатор болуға мүмкіндігі бар еді. Бірақ зейнетке шығу туралы өтініш хатында “ұзақ сапардан соң шаршадым” деп жазып, орнынан кетуді жөн көрген.

“Осыған қарамастан менің миым әлі де жұмыс істеп тұр. Мен ниеттестік пен идеялық күрестен бас тарта алмаймын”, — дейді ол сенат басшысы Лусия Тополанскиге жазған хатында. Сонымен қатар, Лусия Тополански бұрынғы президенттің әйелі, қазір вице-президенттің қызметін атқарады.

Хосе Мусика 83 жаста. Ол өмірінің көп бөлігін әскери түрмелерде өткізген.

Өзінің тура әрі ащы мәлімдемелерімен танылған ол, “қызу талқыда өкпелетіп қойған” әріптестерінен кешірім сұрады.

2013 жылы ол Аргентинаның президенті саналған  Кристина Киршнерді “кәрі мыстан”, ал оның күйеуін “қыли көзді еркек” деп атап, сол үшін оның алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды. Оның осы сөздері  бір пресс-конференцияның кезінде БАҚ құралдарының қолына кездейсоқ жеткен еді.  Экс президент қосулы тұрған микрофонға мән бермеген. Оны біреу естіп қояды деп ойламаған.

2016 жылы ол Венесуэлланың президенті Николас Мадуроға “серке сияқты есуас” деп айтқан.

Бірақ бәрінен де Хосе Мусика өзінің қарапайым өмір салтымен танымал.  Ол президенттің қызметін атқарғаннан кейін де әйелімен бірге ел астанасы Монтевидеодан алыс емес жерде орналасқан фермада тұрған. Ол жерде ол әйелімен гүлдерді өсіріп, оларды сатқан.

Жалақысының 90 пайызын қайырымдылыққа берген.  Фермадан бөлек, оның қолында  1987 жылы шыққан Volkswagen Beetle көлігі бар. Бұрынғы президент оны 2014 жылы миллион долларға сатудан бас тартты. Үш аяғы бар итін алып жүретін басқа көлігі жоқ екенін мәлімдеді.

Хосе Мусиканың зейнетке шыққанына ешкім таңғалған жоқ. Ол өз орнын босататынын екі апта бұрын мәлімдеген.

Дегенмен политикалық ортада Хосе Мусика 2019 жылы қайтадан президент болып сайлану үшін орнын босатты деген қауөсет те бар.

Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз