Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әлем біріншілігінде І-орын алған полиция қызметкерлері марапатталды (фото)

211

Мәскеу қаласында (РФ) 21-сәуір мен 24-сәуір аралығында қоян-қолтық ұрыстан IV Әлем чемпионаты өткен болатын. Оған ішкі істер органдары, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен құралған Қазақстан құрама командасы да қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы жалпы командалық І-орынды иеленді. Әлем чемпионатында ішкі істер органдарының 5 қызметкері (10 жеңімпаздың ішінен) жүлдегерлер үштігіне енді.


Жарыста 55 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Алматы қалалық ІІД АДБ-ның инспекторы Сағын Қазбек жеңіп алса, ал 65 келі салмақ дәрежесінде Ақмола облыстық ІІД-нің КПБ-ның жедел уәкілі Рахметолла Сатыбалдиев жеңіс тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ 60 келі салмақ дәрежесінде Алматы қалалық ІІД-нің Арнайы жедел ден қою жасағының инспекторы Ұлан Мұқашев, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-нің ЛА-155/1 мекемесі кесте және күзет жүйесінің бақылаушысы Қымбат Ахмет (50 келі салмақ дәрежесінде) күміс жүлдегерлер атанды.

Ал қола медальді 55 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Ақмола облыстық ІІД Арнайы жедел ден қою жасағының инспекторы Роза Искаренова иемденді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз