Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Алдап шақырады”. Ақтөбелік қыз Сирияға кеткен ағасы туралы шындықты айтты

Осыдан 4 ай бұрын ол елге қайта оралғысы келетінін және ақтөбелік жігіттермен жолға шыққаны туралы WhatsApp арқылы жазған болатын. Алайда, сол күйі келмеді.

Ағам өзінің жиһадтан көңілі қалғанын айтты. Басында оларды алдап шақырған екен. Автокөлік және 800 доллар айлық беріпті. Одан кейін ақша көрмепті. Тіпті қайту жолына ақшасы болмаған», – дейді қарындасы.

Руслан сол жерде төрт баласы бар қырғызстандық әйелге үйленгенін айтыпты. Аты – Қайыргүл екен. Ол бесінші баласын босанған. Сириядағы Кишма ауылында тұратын көрінеді. Ағасынан хабар келмеген соң, қарындасы әйеліне хабарласқан.

«Қайыргүлдің айтуынша, Руслан ақтөбелік жігіттермен Қазақстанға қашпақшы болған. Бірақ жолда оларды жиһадшылар ұстап алып, түрмеге қамаған. Ағалы-інілі Абу Усман және Абу Саид, тағы үшіншісі Абу Хузайфа Қазақстанға қашу жоспарын Руслан құрды деп өтірік айтыпты.

Сөйтіп өздері құтылып, ағамды түрмеде тастап кетіпті. Олар қазір Сирияда дүкен ашып, тайраңдап жүр екен. Ал Руслан тірі ме, өлі ме белгісіз.

Сирияға барғысы келіп жүрген қазақстандықтарға ол жақта ешкімді жақсы өмір күтіп тұрған жоқ. Қаржылай да көмек жоқ. Мұсылман бауырлар бір-бірін сата бастаған.

Менің ағам алдаудың құрбаны болды. Енді ол жақта қалған әйелі мен баласына ешкім қарап жатқан да жоқ. Тіпті ағам қазір тірі ме, өлі ме белгісіз», – дейді Нұргүл.

Дереккөз:Sn.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз