Ауа-райы мамандары алдағы 4-6 сәуір аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанның алдағы үш тәуліктегі ауа-райы Қара теңіздегі циклонға байланысты суымақ. Осыған байланысты сәуір айының басында ауа-райы өте суық болады
4-6 сәуір аралығында көптеген облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 2-6 градусқа төмендейді. Жауын-шашын мен сулы қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. Тек батыс облыстарда 5 және 6 сәуір күні Ресейдің еуропалық бөлігіндегі антициклонның ықпалымен жауын-шашын тоқтап, температура жоғарылауы мүмкін.
Астанада 4 сәуір күні күн жартылай бұлтты, қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, боран соғады. Түнде ауа температурасы 4-6°С, күндіз 0 градус болады.
5 сәуір күні елордада: күн жартылай бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. 6 сәуірде Астананы жартылай бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с-қа жетеді. Түнде температура минус 6-8 градусқа дейін суытса, күндіз +1, +3 жылы болуы ықтимал.
Алматыда 4 сәуір күні күн жартылай бұлтты, түнде және түске дейін жауын-шашынды болып, тұман түседі деп болжануда. Түнде ауа-райы 2 градусқа дейін суытады. Ал 5 сәуірде бұлтты, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, тұман түседі. Температура түнде 0,-2°С, күндіз +6+8°С-ты құрайды.