Қазақстанның басым бөлігінде ақпанның 20-сы мен 22-сі күндері көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің төрт өңіріне дауылды алдын ала ескерту жарияланды деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында боран соғып, екпінді жел болады деп болжауда. Маңғыстау облысында тұман түсуі ықтимал.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы тас жолдар жабылды. Өңірде боран соғып, қатты жел болып, жолдың көрінуі нашарлайды.
Қар көшкінінің қауіптілігінен Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына дауылды алдын ала ескерту хабарланды.