Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
9
USD
516
0.00
EUR
585
0.00
RUB
6.24
0.00

Алдағы күндері ауа райы 28 градусқа дейін жылы болады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысына Поволжья аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды. Соның салдарынан жауын-шашын, әсіресе жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

Ал республиканың өзге өңірлерінде жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталып, күн жылы және жауын-шашынсыз болады.

Максималды ауа температурасы 8-15°С жылы болса, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 18-23°С, кей жерлерде 28°С-қа дейін күн жылиды деп күтілуде.

Тек 27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуіне байланысты, кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз