Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Албасты…”. Баласын сатқысы келетінін айтқан бойжеткенге студиядағы адамдар тап берді (видео)

145

Отандық бағдарламаға бетін жауып келген бойжеткен өз басына туған мәселені ел алдында жайып салды. Аяғы ауыр қыз әлі туылмаған баласын кредитін төлеу үшін сатып жібермекші.

Бұл қадамға ол шарасыз жағдайға қалғандығынан бармақшы екенін түсіндірген. Бойжеткен несиеге 500 мың теңге алып, оны төлей алмай қиналып жүргенін айтты.

https://kaz.365info.kz/ali-demir-khazakhstanda-tajrandap-zhyrgen-algi-tyrik-kim-332593

Тұрмысқа шықпай жүкті болған ару жағдайын өзімен бірге тұратын ағасынан да жасырып жүр. Ер адам қарындасының жүкті екенін білмейтін болып шыққан.

Бағдарламаның үзіндісі Instagram желісіндегі kaz_stras парақшасына жүктеліп, елдің қызу талқысына түсті. Кредитті төлеу үшін баласын сатпақ болған қыз көпшіліктің қаһарына ұшырады.

https://kaz.365info.kz/betim-aj-zhana-obrazdagy-roza-rymbaeva-eldin-sozine-khaldy-video-332579

Оқырмандар өзінің азулы жағымсыз пікірлерін жарыса жаудыруда.

“Заман қайда барады? Баланы сату ғана қалды ғой бізге”

“Енді жетіспей тұрғаны осы еді.Әлә туылмаған баланы сатуға қалай ғана дәті барады?”

“Бетіңді жаппай келуің керек еді. Ұялмайсың ба, тұрмысқа шықпай жүкті болғаныңа да көз жұмдық. Ең болмаса, үлгілі ана болсаң нетті? Сәбиіңді саудаламақсың” , – деп жазды оқырмандар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз