Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ал кім жеңер екен? Өзбекстанда президент сайлауы аяқталды

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы халықаралық бақылаушылардан дауыс беру кезінде заң бұзушылықтар мен басқа да кемшіліктер туралы ескерту алмаған. Бұл туралы ОСК төрағасы Мырза Ұлықбек Әбдісаломов брифингте мәлімдеді.

Қоғамдық пікір сауалнамасы бойынша, мемлекет басшысы қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиёевтің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Мирзиёев алғашқы өзбек президенті кезінде премьер-министр болды. Ол ішкі және сыртқы саясат бағытын әрі қарай жалғастыруға уәде берді.

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы республиканың алғашқы президенті Ислам Кәрімов қайтыс болған соң ұйымдастырылды. Ресми мәлімет бойынша, Ислам Кәрімов 2 қыркүйекте 79 жасында миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды.

Өзбекстан Конституциясы бойынша, елдегі жоғарғы мемлекеттік билікке президент иелік етеді. Негізгі заңдағы соңғы өзгертулерге сәйкес, президент бес жылға сайланады және ол билікті қатарынан екі мерзім ғана басқара алады.

858979b0-4888-46f8-bf3a-2ab60cca3bb0_cx15_cy1_cw84_w987_r1_s_r1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз