ҚР Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов Facebook әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не ректордың керектігін жариялады деп, хабарлайды Today.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде кандидаттарды іріктеуге байқау жарияланды.
Байқауға барлық үміткерлер қатыса алады. Оларға қойылатын кәсіби талап: жоғары және университеттен кейінгі білім, ғылыми дәрежесі, кемінде бес жылға дейін білім саласы немесе білім басқармасы органдарында басшылық қызметте болуы, білім саласын басқару бойынша біліктілігін арттыру туралы арнайы курстан өткендігі туралы куәлігінің болуы, Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілерді білу, ертеде жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың болмауы.