Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ал керек болса! Қытайлар ЭКСПО-2017 көрмесіне тегін кіреді

Дипломат 2015 жылдың желтоқсан айында Қытай азаматтарының Қазақстанға топтық сапарын оңтайландыру туралы Қазақстан мен Қытай арасында меморандумға қол қойылғанын еске салды. Аталған меморандумға сәйкес, Қазақстанның туристік компаниясы рәсімдейтін визалық қолдауы бар қытайлық туристік топтарға виза 5 жұмыс күні ішінде дайын болады және жеке қатысуды талап етпейді.

«Қазіргі уақытта Қазақстандағы Қытай туризмі жылы аясында шаралар жоспары құрылып жатыр. Қазақстанның 60-тан астам туристік компаниясы қытайлық туристік топтарды қабылдау құқығын алды. Әзірге олар қызмет көрсету саласындағы қытай тілін білетін әкімшілерді дайындайтын «China Friendly» бағдарламасы аясында қытай тілін меңгерген мамандарды жинақтауда», – деді Ш.Нұрышев.

Елшінің айтуынша, қазақстандық тарап ЭКСПО-2017 қатысты 60-тан астам туристік бағыт әзірледі.

«Қазақстан халық банкі «UnionPay» төлем жүйесімен келісім орнатты, сәйкесінше аталған банк банкоматтары «UnionPay» банк карталарын қабылдай алады және қытайлық клиенттерге қытай тілінде қызмет көрсете алады», – деп еске салды Қытайдағы ҚР елшісі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз