Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ал, дайындалыңыздар! Тіркеу мәселесі телефонға да жетті

Бұл туралы КТК хабарлады.

Елімізде ұялы телефонның көмегімен көптеген қылмыстар жасалады. Әсіресе, жаңа сим-карта мен телефон сатып алып, теракті туралы жалған ақпарат тарататындар көп. Террористер де жымысқы ойын телефон арқылы іске асырады. Оның үстіне ұрлық-қарлық тағы бар. Сондықтан полицейлер бұдан былай елдегі әрбір телефонды назарда ұстап отырмақ.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

Экстремизм мен терроризмге қарсы заңға сай абоненттер телефонын тіркеуге міндеттеледі. Бұл көптеген елдерде бар қалыпты нәрсе. Тіпті, Америка мен Ұлыбританияның күштік құрылымдары жұрттың бір-бірімен хат алмасуына дейін оқып отыру мәселесін көтеріп жатыр.

Десе де, әзірге IMEI-кодты тіркеу қалай жүргізілетіні белгісіз. Жауаптылар мұны барынша, тез әрі ыңғайлы етуді жоспарлап отыр. Ал, егер нөміріңіз өз атыңызда болса, уайымдаудың қажеті жоқ. IMEI-кодты байланыс операторы атыңызға өзі тіркейді.

Арсен Бектасов, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің ресми өкілі:

-Сіздің нөміріңіз қай телефонда болса, сол телефонның IMEI-коды базаға кетеді. Демек, арнайы орган іздеу салғанда, сіздің  нөміріңіз бен IMEI-кодыңызды бірден қарай алады.  Бір базада болады.

Ал, егер ұялы телефонның нөмірі тіркелмеген немесе басқаның атында болса, өзіңізге ауыстыру керек. Әйтпесе, IMEI-код басқаның атына жазылып немесе байланыс құрылғыңыз бұғатталып қалуы мүмкін.

Алексей Бенз, ұялы байланыс операторының қызметкері:

Қазір IMEI-кодты тіркеу мәселесі жан-жақты қаралып жатыр. Әзірге түсініксіз жәйттер көп. Белгілісі жақында байланыс операторлары өз клиенттерінің IMEI базасын жасауды бастайды.

Мұндай база ұрланған немесе контрафактілі жолмен келген ұялы телефондарды анықтауға, терроризмнің алдын алып, қылмыскерлерді табуға таптырмас көмек дейді полицейлер. Десе де қулығына құрық бойламайтындар бұр ережеден де айналып өтудің амалын табатыны анық. Ал, тіркелмелен телефондарды бұғаттау 1-ші шілдеден басталады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз