Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ал босайтын болдыңдар! Мәжіліс рақымшылық жариялауды мақұлдады

Заң жобасында негізінен әлеуметтік әлсіз топтар өкілдері, кәмелетке толмағандар, аяғы ауыр әйелдер, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдер, егде кісілер, мүгедектер және жеңіл, аса ауыр емес қылмыс жасағандарға рақымшылық жариялау ұсынылған.

Басқа категориядағы адамдарға рақымшылық жасаған қылмысының ауырлығына байланысты шектеулі түрде және келтірген шығынын толық өтеген жағдайда ғана жасау қарастырылған. Құжат жобасында аса қауіпті қылмыс жасағандарға рақымшылық таныту қарастырылмаған.

Өткен аптада бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Қазақстанда “араздық тудыру”, “заңсыз митинг ұйымдастыру” және “жалған терроризм” айыптарымен сотталғандар рақымшылыққа іліге алмайтынын мәлімдеген. Ол рақымшылыққа тергеуде жүрген, сотталып жатқан, пробациядағы шамамен 30 мыңға тарта адам ілігетінін, олардың 1800-ге жуығы қамаудан босатылатынын хабарлаған.

Бүгін парламентте бас прокурор Жақып Асанов рақымшылыққа 28 мың тұтқын ілігетінін, олардың бір жарым мыңдайы ғана қамаудан босатылатынын айтты. Асановтың сөзінше, қалғандарының жаза мерзімі азайтылады немесе бас бостандығынан айыру жазасы жазаның басқа түрімен ауыстырылады.

1430998780_zeki

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз