Алматыда күміс түсті Hyundai көлігін мініп жүрген мына қыздың жол ережесіне пысқырмайтын әдеті бар көрінеді.
Оқиға Панфилов көшесінде болған.
Тоқтауға болмайтын жерге тоқтай салған қыздың тірлігін көрген куәгер одан «Айыппұл төлегіңіз келе ме», деп сұраған.
Бірақ көлік рөліндегі әйел “Мен әкімдіктенмін”, деп қысқа қайырыпты.
Негізі, мұндай ереже бұзушылық үшін заң бойынша 20 АЕК, немесе 45 380 теңге айыппұл қарастырылады екен.