Ұлттық банк басшысы бүгін Зейнетақы қорының Әзербайжан банкіне салған қаржыға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл Данияр Ақышевтың даулы инвестицияға қатысты алғаш рет пікір білдіруі, деп хабарлайды КТК.
“Қазір бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ақпаратты алдымен Үкімет, премьер-министр, Мемлекет басшысына жеткіземіз. Содан кейін шешім қабылдап, Ұлттық банк оны жариялайды”, – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
Естеріңізге салсақ, Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әзербайжан банкіне 71 миллиардтан астам теңге салған болатын. Ал шетелдік қаржы ұйымының қазіргі жағдайы өте қиын. Банкрот болудың алдында тұрған банк енді тек өз үкіметінен көмек сұрап отыр.
Бұған дейін бұл мәселеге қатысты қаржы министрі де пікір білдірген еді.